Шыны керек, жұп болып кино қарап отырған жерінен әйел адамдар соңына дейін шыдамай ұйқыға кетеді. Күйеуінен: «Ең қызық жеріне келгенде ұйықтап қаласың» деген сөзді де жиі естиді. Ғалымдар бұл құбылысқа бірден бірнеше түсініктеме берді. Және әйелдердің ұзақ ұйықтауы керек екенін анықтады. №1 себеп: әйелдің миы күрделі Лофборо университеті жанындағы ұйқыны зерттеу орталығының ғалымдары былтыр жүргізген тәжірибеге сәйкес, әйелдің миындағы жүйке байланыстарының құрылымы ер адамға қарағанда күрделірек. Осы себепті әйелдер табиғатынан көп тапсырмаларды орындауға бейім және шешім қабылдауда әлдеқайда икемді болады. Дегенмен, мұның бәрі энергияның шығындалуына әкеледі, оны ерлердің энергиялық шығынымен салыстыруға келмейді. Бұл ерлерге қарағанда әйелдерге 20 минут ұзағырақ ұйықтауы керек дегендә білдіреді. №2 себеп: әйелдер ұйқысыздық салдарын көбірек сезеді Лофборолық ағылшын психиатрларының тағы бір ғылыми қорытындысы: әйелдерге сапасыз ұйқыға шыдау ерлерге қарағанда қиын – олар қатты ашушаң