Найти в Дзене
Qogam-media

Алматы облысында ауыл тұрғындары ет өңдеу зауытының салынуына қарсы шықты

Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылының тұрғындары ауыл маңында ет өңдеу зауытын салуына түбегейлі қарсы шықты. Зауыт ауылдың экологиялық ахуалына кері әсерін тигізеді деген халық жергілікті билікке үндеу жасап, зауыт құрылысына қарсылық ретінде қол жинап жатыр, деп хабарлайды Agroqogam.kz.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, зауыттың салынатыны туралы халық тек 10 қараша күні білген. Ести сала, халық өз бетінше әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, мұның салдары ауылға қалай әсер ететінін зерттеуде.

«Естіген соң наразы болдық. Себебі біз қарсымыз. Халықпен еш ақылдаспаған. Енді біліп отырмыз. Бұл дұрыс емес. Біз ауылымыз үшін алаңдаймыз. Қазіргі таңда зауыттың салынуына қарсы петиция жасадық. Оған екі күннің ішінде 1200-ден астам адам қарсы қол қойды. Оған дейін 26 қарашада зауыт өкілдерімен кездесу болады. Олардың не айтатынын көреміз. Бірақ зауыт ауылдан 500 км жер қашықтықта ғана орналаспақ. Бұл өте жақын. Ал оның экологилық зардабы, одан шығатын жағымсыз иіс жылдарға созылады», – дейді Алена есімді тұрғынның бірі.

Халық құс етін өңдеу зауытынан таралатын иіс ауылдағы тіршілікке зиянын тигізбей қоймайтынына сенімді. Сол үшін қазірден бастап, қарсы шықпаса болмайтынын алға тартуда.

Продолжение у нас на сайте

#agroqogamkz #agro #agronews