Найти в Дзене

Омарташылық жұмысымен айналысуды бастау

Бәріне сәлем! Мен осы парақшада өзімнің омартамен айналысып бастағанымды, омартамен қалай жумыс істеу керек екендігін үйретемін.

Осы кәсіппен айналыспас бұрын мен көптеген видео көріп, Райнгольд Давыдович Рибтың "Пчеловоду Сибири и Казахстана" атты кітабін оқып шықтым.

Көп адам біле бермейді, бірәқ Қазақстанда 1922 жылы аралардың ұялары саналған, нәтижесінде Павлодар облысы және Шығыс-Қазақстан облыстарында 80929 ұя тіркелген.

Омарта ұстау ең оңай кәсіп деп санаймын, үйткені жұмыс уақыты аптасына 1-2 кезең ғана, ал қыс мезгілінде не-бәрі 3 айда 1-2 рет қана қарау керек. Қысқаша айтқанда, қыста демалатын бизнес. Негізгі жұмыстан тыс пайдасы бар ермек (хобби) десе де болады.

Пайдасына келетін болсақ пайдасы өте көп, мысалы 1 ұядан сезонына кем дегенде 50 кг. бал шығаруға болады. Ал білікті мамандар, өз кәсібенде тәжірибесі мол адамдар 1 ұядан сезонына 150 кг. бал алады. Бағасына келетін болсақ Қазақстанның әр өңірінде әр-түрлі (мысалы ШҚО омартаның басынан алсаңыз бал бағасы 1 кг. - 2000 теңге). Бір ұядан сезонына 50 кг.*2000 тг. = 100000 теңге табуға болады (шығынын санасақ 80000 теңге маңайында).

-2

Ең біріншіден араның отбасын алмас бұрын сізге құрал-жабдықтар қажет. Оны мен келесі посттарда жазамын. Араның түрлерін, балдан бөлек пайдалы не өндіруге болатындығын жазып отырмын.

Каналыма тіркеліп, қолдау білдіріп қойыңыздар!