Найти в Дзене
Bugin.kz

Атыраудағы үш мектепке Әбіш Кекілбаев пен басқа да тұлғалардың есімі берілді

Атыраудағы үш мектепке Әбіш Кекілбаев пен басқа да тұлғалардың есімі берілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. «Келесі білім беру ұйымдарына: 1) «Атырау облысы білім басқармасы» ММ Атырау қаласы білім басқармасының «№ 40 орта мектебі» КММ-не Зейнолла Қабдоловтың есімі; 2) Атырау облысы білім басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің Әбіш Кекілбайұлы атындағы «№41 мектеп-гимназиясы» КММ; 3) Атырау облысы білім басқармасының «Нұрлан Балғымбаев атындағы Атырау қалалық білім бөлімінің No 42 орта мектебі КММ» делінген үкіметтің күшіне енген қаулысында. Зейнолла Қабдолов – қазақ және кеңес жазушысы, драматург, аудармашы, әдебиеттанушы. Көптеген құрметті атақтардың иегері, сыйлықтардың, медальдардың және мемлекеттік наградалардың лауреаты. Әбіш Кекілбаев – қазақстандық қоғам және саяси қайраткер, Қазақстанның еңбек ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Сондай-ақ тағы да басқа көптеген марапаттар мен сыйлықтардың иегері және лауреаты. Нұ
bugin.kz
bugin.kz

Атыраудағы үш мектепке Әбіш Кекілбаев пен басқа да тұлғалардың есімі берілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Келесі білім беру ұйымдарына:

1) «Атырау облысы білім басқармасы» ММ Атырау қаласы білім басқармасының «№ 40 орта мектебі» КММ-не Зейнолла Қабдоловтың есімі;

2) Атырау облысы білім басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің Әбіш Кекілбайұлы атындағы «№41 мектеп-гимназиясы» КММ;

3) Атырау облысы білім басқармасының «Нұрлан Балғымбаев атындағы Атырау қалалық білім бөлімінің No 42 орта мектебі КММ» делінген үкіметтің күшіне енген қаулысында.

Зейнолла Қабдолов – қазақ және кеңес жазушысы, драматург, аудармашы, әдебиеттанушы. Көптеген құрметті атақтардың иегері, сыйлықтардың, медальдардың және мемлекеттік наградалардың лауреаты.

Әбіш Кекілбаев – қазақстандық қоғам және саяси қайраткер, Қазақстанның еңбек ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Сондай-ақ тағы да басқа көптеген марапаттар мен сыйлықтардың иегері және лауреаты.

Нұрлан Балғымбаев – қазақстандық мемлекет қайраткері, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, екі «Барыс» орденінің, түрлі медаль иегері.