Найти тему
Qogam-media

Ерсұлтан Әбдраман: «Түркістанда үлкен-үлкен жылыжайлар гектарлап қаңырап бос тұр»

26 жастағы Ерсұлтан Әбдраман Түркістан облысындағы сұранысқа ие мамандардың бірі. Ол өз үйінің алдына жылыжай салып, бүгінге шағын кәсібін дөңгелетіп отыр. Agroqogam.kz тілшісімен сұхбаттасқан түркістандық өз өңіріндегі өзекті мәселелер мен аграрийлердің басты проблемаларын ашық айтты.

Ерсұлтан Әбдраман 20 жасынан бастап өсімдік шаруашылығы саласында еңбек етіп, тәжірибе жинақтаумен келеді. Осы уақытқа дейін жинаған білімінің арқасында ол Түркістаннан жалпы көлемі 1500 шаршы метрді құрайтын жылыжайды жалғыз өзі жүргізіп отыр. Қызанақ, қияр, аскөк, базилик және т.б. көкөністерді жыл он екі ай өсіріп, табыс табуда. Түркістан өңірін көбі жылы, өсімдік шаруашылығына жайлы деп есептегімен, бұл облыста өзіндік ерекшеліктер жоқ емес, оған қоса қиындықтары да көп.

Мәселен, өңірдегі ең басты проблемалардың бірі – мамандардың тапшылығы, деп есептейді жас маман. Айтуынша, осы және  тағы да басқа себептердің салдарынан бүгінде Түркістан өңіріндегі көптеген жылыжайлар бос тұр.

«Нақты Түркістанда жылыжайлар көп. Олардың минималды аумағы 1 гектарды құрайды. Өзім өндірістік аймақта басқарушы болып жұмыс істеген адаммын. Сондықтан бұл саланы жақсы білемін. Бірақ Түркістанға кіргеннен бастап қазір көптеген ауқымды жылыжайлар бос тұр. Біразы банкрот болған. Оған себеп, бизнес мәдениетінің жоқтығы. Оның үстіне Өзбекстанмен байланыс суып қалды десе де болды.   Бұрынғыдай Өзбекстаннан келетін агрономдардың көбі жоқ. Себебі ол жақта 2021 жылдан бастап көптеген мықты шетелдік компаниялардың филиалдары ашыла бастады. Яғни, мемлекет өз мамандарын өздері-ақ жұмыспен қамтып отыр. Осылайша бізде агрономдар тапшы болып отыр. Бұрын көбінесе Өзбекстаннан келіп жұмыс істейтін. Бұл бір фактор», – дейді маман.

Ерсұлтанның пікірінше, жылыжай салу үшін қомақты қаражаттан басқа, ынта-жігер, ниет және қолдау қажет. Себебі бұл істе өзінің ісіне берік, аяғына дейін апаратын жандар жұмыс істесе ғана нәтиже болмақ. Ал өңірдегі ірі жылыжайлардың көбі субсидия алу үшін жасалған, сондықтан олардың ғұмыры да тым қысқа деп түсіндіреді маман.
Жалғасы біздің веб-сайтта

#agroqogamkz #agro #agronews