Қазақ ақыны Ахмет Байтұрсынов: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» дегендей, қай заманда иә қоғамда болмасын журнулистиканың әрбір жерде орны зор. Иә, қиындығы мен қызығы қатар жүретін және көп ізденісті талап ететін саланың бірі. Кез келген адамның қолынан журналист болу келмейді. Тек шығармашылыққа жақын, ойын ашық жеткізіп, сауатты жаза алатын адам ғана нағыз журналист болары сөзсіз. Жалпы, журналистика – орыстар айтатындай “было - есть и будет” актуалды турде болатын мамандардың бір түрі. Бұрындары газет және радио арқылы көпшілік қауым өзіне қажетті ақпарат алып отырса, кейін келе теледидардан алатын болды. Ал қазіргі таңда технология дамып көпшілігіміз жаңалықтарды ғаламтордан көретін болдық.Мойындау керек, ғаламтор – кез келген технология секілді пайдасы мен ықтимал зияны, артықшылығы мен кемшілігі қатар жүретін күрделі құбылыс. Бірақ көптеген жалған ақпараттар халықтың көзіне шаң шашады, бұлда өтірік емес! Тіпті қарапайым халықты сауатсыз қылып бара жатқандай. Яғни, кей са