Жер жырту, егін егу, мал бағу жұмыстарымен айналысу үшін адамдарды ауылға қайтару керек. 100 млн адамды нанмен қамтамасыз етіп, Одақтың қорына 360 мың тоннаға дейін жоғары сапалы етті жөнелтіп отырған елдің қазірде азық-түлікті өзге елдерден тасымалдап отырғаны өкінішті. Астық дақылдары жоғары өнім берсе, бізде нан қымбаттайды, деп 83 жастағы ауыл шаруашылық ардагері өкінішпен баяндайды.
– Мен, Ақтөбе облысының шетіндегі Ырғыз ауданында дүниеге келдім. Мектептен кейін ауыл шаруашылық институтында инженер-механик мамандығына оқып, 1969 жылға дейін «Тәуіп» совхозында жұмыс жасадым. Ауылшаруашылығына ондаған жылымды арнадым.
«Тәуіп» совхозы Қызылорданың Арал ауданымен шектесетін Ақтөбе облысының ең шеткі ауылдарының бірі еді. Совхозда еділбай тұқымды қой өсірумен айналысатын. Өте табысты шаруашылық болатын. Қойдың жүні қымбат бағаланып, кілем мен костюм матасына пайдаланылатын.
«Тәуіп» совхозында аналық қойлардың өзі ғана 30 мыңдай болатын. Қазірде бұл ауылда ештеңе де қалмады. Ал, жері қандай еді, қысы қандай жайлы еді. Бұл жерлер жайылымдық мал шаруашылығына жайлы. Тың игеру басталған кезеңде, игерілмеген тың жерлері өңделіп жатқан көрші Комсомол ауданының малдарын «Тәуіп» совхозында бағатын. Бұл тиімді еді: шөп әзірлеу қажет емес және мал қоралары да қажет болмайтын. Мал қыс бойы далада жайылатын. Шаруаға жайсыздау болған 1963 жылға дейін осылай болды. Бес ай бойы боран соғып, қармен көмкеріліп қалды, 15 мыңнан астам қой шығынға ұшырады. Одан кейін қысқа шөп әзірлеп, база салуды бастады. Мал қораларын жоғарысы ашылатын түндігімен киіз үйге ұқсастырып сала бастады, мұндай қорада жылы және тымырсық емес еді. Барлығын да жергілікті материалдардан салды. Одақ ыдырап, совхоз тарап кетпегенде бұл қоралар бүгінде де тұрар еді. Өзгелер сияқты болып қазірде бұл ауылда да ештеңе қалмады.
Жалғасы біздің веб-сайтта
#agroqogamkz #agro #agronews