Найти в Дзене
Qogam-media

Жаңа туған қозыларға қандай күтім жасалады: шаруаларға арналған қарапайым кеңестер

Егіз немесе үш төлді саулықтардың сүті барлығына бірдей жете бермейді. Сол себепті оларға түсетін салмақты азайту үшін шабандар бірқатар тәсіл арқылы азайтады. Отардағы бір төлді, бірақ екі қозыны емізуге қауқарлы мықты саулықтарды таңдап алу арқылы қажет сүттің орнын алмастыруға болады. Осы және басқа да тәсілдер туралы біздің материалымыздан оқи аласыздар.

Егіз төлді саулықтарға да, олардың төлдеріне де бастапқы күндері өте көп ауырлық түседі. Сол үшін біртөлді, бірақ сүтті саулықтардан шырыш алып, оларды төлдерге жағады. Одан сон бұл қозыны саулыққа жалатады. Осылайша саулық төлді өзінікі деп қабылдап, ары қарай емізе береді. Қозыларды бөтен саулықтарға үйретудің өзге тәсілдері бар. Одан бөлек, жетім қозылар мен сүті аз төлдерді бөтелкелер арқылы азықтандырады.

Бұған дейінгі материалымызда мұндай қозыларға сүт алмастырғыш беру туралы айта кеткен едік (https://agroqogam.kz/%d2%9bozylardy-zhasandy-%d2%9boj-s%d2%aftin-almastyr%d2%93yshty%d2%a3-k%d3%a9megimen-%d2%9balaj-%d3%a9siru-kerek/ ). Мұндай сүттің құрамына құрғақ майсыздандырылған сүт, сиыр, өсімдік немесе аспаздық май (25-30 пайыздық), фосфадты концентрат, сондай-ақ А,Д,Е дәрумендері, антибиотиктер мен микроэлементтер кіреді. Мұндай сүтті бермес бұрын құрғақ сүтті жылы сумен араластырады (40-50 температурадағы). 1 келі сүт алмастырғышқа 4-5 литр су құяды. Оны жақсылап араластырады. Сосын салқындатып, сүт беретін құрылғыға құяды. Бұл үшін тіпті арнайы құрылғылар да бар. Сүт алмастырғышпен азықтанатын қозылар қалаған уақытында тамақтана алатындай жағдай жасау керек. Осы арқылы қозылардың азықтану деңгейін жақсартуға мүмкіндік туады. Сүт алмастырғышты 45-60 күнге дейін беру керек.

Жалғасы біздің веб-сайтта

#agroqogamkz #agro #agronews