Өткен аптада Астанада үш бірдей халықаралық жиын өткені белгілі. ҚР Президентінің Іс Басқармасы ауқымды іс-шараларды абыроймен өткізуге белсене қатысты. Аталған мемлекеттік органның басшысы Айбек Дәдебаев өзінің телеграм арнасында осы туралы айта келіп, барлық әріптестеріне ризашылығын жеткізді. – Бұл апта еліміз үшін маңызды іс-шараларға толы болды. Елордада халықаралық ауқымдағы бірнеше жиын өтті. Оны жоғары деңгейде ұйымдастыруға ҚР Президенті Іс Басқармасының ведомстволық ұйымдары белсене атсалысқанын атап өткім келеді. Астанамызға ат басын тіреген мәртебелі меймандарды лайықты күтіп алу, орналастыру, тасымалдау, медициналық көмек көрсету, қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді аса жауапты жұмысты мүлтіксіз атқару оңай шаруа емес. Оған Президент Іс Басқармасына қарасты ұйымдардың 600 қызметкері жұмылдырылды, – деді ол. А.Дәдебаевтың айтуынша, ҚР Президентінің Телерадиокешені, Автошаруашылық, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Медицина орталығы және оған қарасты аурухан
Айбек Дәдебаев: «Астанадағы саммиттерді өткізуге Президенттің Іс Басқармасының 600 қызметкері атсалысты»
18 октября 202218 окт 2022
1 мин