Биыл қажетті өнім сатып алу үшін тұрақтандыру қорына қазынадан 3,6 млрд теңге қаржы бөлінген. Алайда сөредегі бірнеше тауар түрі негізсіз қымбаттап кеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Қалыптасқан дәстүрге сай, өңірімізде жыл сайын көкөніс күзгі жиын-терімнен соң арзан бағамен сатып алынып, қоймаларға жеткізіледі. Сақтаудағы өнім қыс пен көктемде саудаға шығарылады. Бағасы нарықтағыдан төмен болады. Осы ретте облыстық әкімдікте өткен жиын барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру жайы қаралды. «Ұн тартумен айналысатын жергілікті «DEZ» серіктестігіне астық сатып алу үшін 2019 жылдан бастап жеңілдетілген несие беріледі. Нәтижесінде компанияның 2 келілік өнімі 253 теңге тұрады. Мұндай ұн әлеуметтік нан пісіру үшін қаламыздағы 6 наубайханаға да жеткізіледі. Бұл наубайханаларда 1 бөлкенің құны орта есеппен 100 теңгені құрайды»,-деді СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дархан Әмрин. Жарма, к
СҚО- да әлеуметтік азық-түліктің бағасы негізсіз қымбаттаған
15 февраля 202315 фев 2023
1 мин