«Береке» шағын ауданындағы 250 орынға шақталған емханада бүгіндері жұмыс қызған. Көптен күткен нысан биыл күзге дейін қолданысқа берілмек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. «Береке» шағын ауданындағы 250 орынға шақталған емхананың құрылысы 2020-шы жылы қолға алынды. Құрылысқа жергілікті мердігер компания «Тоир» ЖШС-і жауапты. Қазіргі таңда жұмыстардың 75 пайызы аяқталды дейді серіктестік өкілдері. Алаңда еңбек етіп жүрген 75 маман ғимараттың сыртқы қасбетін ретке келтіріп, ішкі әрлеу жұмыстарына кірісіп кетті. Мұнымен қоса, коммуникация жүйесі де тартылуда. «Жоба құны – 2 млрд 400 млн теңге. Соның 1 млрд 900 млн теңгесі игерілді. Бұл қаржыға біз құрылыс материалдарын сатып алдық. Оның үстіне нарықта құрылыс материалдарының құны 50 пайызға қымбаттады. Соның салдарынан көптеген компаниялар біраз қиындық көрді. Әсіресе, болат жайма, арматура, швеллер стандартты профилі, темір бетонның бағалары шарықтап тұр. Жалпы, қажет жабдықтың барлығы да отандық өнім», – дейді «Тоир» ЖШС учаске
«Береке» шағын ауданындағы емхана биыл қолданысқа беріледі
15 февраля 202315 фев 2023
1 мин