Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары Шелек ауылындағы еш қоршауы жоқ қоқыс алаңына шағымданып, жанайқайын жеткізді. Тұрғындар қараусыз жатқан жер қоқыс полигонына айналып, онда мал өлексесі, белгісіз сұйықтықтар, оған қоса медициналық қалдықтар төгілетінін мәлім етті. Ауылдан бір аттам жерде орналасқан заңсыз қоқыс алаңына қатысты облыстық экология департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Agroqogam.kz. Шелек ауылының тұрғындары ауылдың жанында орналасқан қоқыс алаңының зардабын шегіп отырғанын айтып дабыл қақты. Айтуларынша, бұл қоқысқа адам денсаулығына зиян небір заттар тасталынады. Алайда қадағалаудың жоқтығынан қоқыс алаңының көлемі ұлғайып, одан келетін қауіп де артуда. Тіптен жеке кәсіпкерге тиесілі алаңның қоршауы да болмағандықтан, оған мал кіріп, мертігуде. «Еш жазуы да жоқ, қоршалмаған. Осы жерден су өтіп, біздің ауылға барады. Осындағы мазутқа батып, төрт бес малым өлді осы жерде», – дейді ауыл тұрғыны Ерқанат Байжасаров.
Продолжение у нас на сайте
#agroqoga