Оқиға ақпанның 11-і күні Есіл ауданында орын алған. Өрт кезінде 42 жасар ер азамат зардап шекті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қызыл жалын жанармай құю станциясында бас көтерген. Оған қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болған.
«Жанармай құю станциясының 1981 жылы туған қызметкері операторлық бөлмеге 5 литрлік газ баллонын әкелген. Цилиндрдің герметикаланбауы мен өрттің салдарынан ер адамның денесінің 90% күйік шалған. Қазіргі уақытта ол реанимация бөлімінде, жағдайы тұрақты-ауыр. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды», деді Есіл аудандық ТЖ бөлімінің бастығы Жұлдыз Есенғазина.
Жалпы жылыту маусымы басталғалы Есіл ауданында өрт оқиғаларының саны 30 %-ға артқан. Қызыл жалын 3 адамның өмірін жалмап, 6 млн 700 мың теңге шығын келтірген.