Жетісу облысы Ақсу ауданының қант қызылшасын өсіруші фермерлері облыс әкімі Бейбіт Исабаевқа жанайқайын жеткізді. Айтуынша, биыл наурыз айында Ақсу қант зауыты іске қосылғанымен, шаруалар тиісті қызылша көлемін зауытқа бере алмайды. Бұған себеп мемлекет тарапынан берілетін субсидиялар көлемі шаруалар шығынын жаппайтындығында, деп хабарлайды Agroqogam.kz тілшісі. Жетісу өңірінің басшысы Бейбіт Исабаев Ақсу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында шаруаларға жағымды жаңалықты жеткізді. Биыл наурыз айында көптен күткен Ақсу зауыты өз жұмысын қайта жандандырады. Фермерлерге басты шикізат – қант қызылшасын тоннасына 40 мың теңгеге дейін субсидиялайды. Бұған дейін субсидиялау көлемі тоннасына 25 мың теңге болған. Әкімнің сөзінше, шаруаларға көмек беру мақсатында әрі өңірдегі қант өндірісін дұрыс жолға қою үшін бірнеше тараптың қызу пікірталасынан соң осы баға бекітілген. Десе де, қант қызылшасын өсірумен айналысатын шаруа Александр Витконың пікірінше, субсидиялау көлемі артқанымен, бұған дейін
Ақсудағы көптен күткен қант зауыты неге шикізатсыз қалуы мүмкін?
14 февраля 202314 фев 2023
1 мин