Найти в Дзене
Qazaqstan Media

Алматылық студенттер Петропавлда дипломдық жұмыстарын қорғайды

Петропавлға Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетінде оқитын студенттер келді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. 20-ға тарта жас талант облыс орталығында 4 айдай болып, дипломдық жұмыстарын қорғайды. Дипломдық жұмыстары – «Қарагөз» бен «Ромео және Джульетта» қойылымдары. Мұхтар Әуезов пен Шекспирдің шығармалары бағалаушы мамандардан бөлек, қызылжарлық көрермендерге де ұсынылады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер Азамат Сатыбалдының шәкірттерін С.Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театрының ұжымы қарсы алды. Қонақтарға қара шаңырақтың тарихы мен бүгіні таныстырылды.

Петропавлға Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетінде оқитын студенттер келді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

20-ға тарта жас талант облыс орталығында 4 айдай болып, дипломдық жұмыстарын қорғайды. Дипломдық жұмыстары – «Қарагөз» бен «Ромео және Джульетта» қойылымдары. Мұхтар Әуезов пен Шекспирдің шығармалары бағалаушы мамандардан бөлек, қызылжарлық көрермендерге де ұсынылады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер Азамат Сатыбалдының шәкірттерін С.Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театрының ұжымы қарсы алды. Қонақтарға қара шаңырақтың тарихы мен бүгіні таныстырылды.