Бүгін таңертең мектеп оқушысы жарақаттаған 3 баланың екеуі жансақтау бөліміне жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 3-ші оқушыға қабылдау бөлімінде көмек көрсетіліп, оған амбулаториялық ем тағайындалған.
«Зардап шеккендердің екеуіне шұғыл түрде хирургиялық ем жасалды. Оларға анестезия қойылып, емдеу шаралары жүргізілді. Бірқатар қажетті диагностика мен бейінді мамандардың кеңесі ескерілді. Қазіргі уақытта екі баланың жағдайы тұрақтанды, науқастар жансақтау бөлімінде жатыр», – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.