Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылындағы №2 орта мектеп «Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» атты қайырымдылық жобаға енді. Ол ауыл мен қала мектептерінің арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. «Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы аясында еліміздегі 17 ауылдық мектеп жаңартылды. Бұл тізімге Уәлиханов ауданы №2 Кішкенекөл орта мектебі де енген. Мектепте жалпы 32 оқу кабинеті мен қосымша білім беру шеберханалары- STEM-зертхана, АРТ-студия, телестудия, оқушыларға арналған коворкинг аймағы бар кітапхана жабдықталды. «Біздің мектебімізде жаңа өзгерістер болып жатыр. Жаңа құрал-саймандар әкелінді. Оқушылар бүгінгі сабақта ағашпен жұмыс жасап, оны өңдеумен айналысып жатыр. Бұл жерде керек құрылғылардың барлығы бар. Бұрын мұндай құралдар болған емес. Яғни, мектептегі өзгерістер білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік беруде», – дейді №2 Кішкенекөл орта мектебінің мұғалімі Қуаныш Нартайұлы Бұл – «Қазақстан ха
Ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтық азаймай тұр
13 февраля 202313 фев 2023
1 мин