Найти тему
Qazaqstan Media

#BIZBIRGEMIZ: Солтүстікқазақстандықтар Түркияға гуманитарлық көмек жіберді

Солтүстікқазақстандықтар Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қол ұшын созып жатыр. Осыдан 3 күн бұрын облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы қайырымдылық акциясын қолға алған еді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Осы уақыт аралығында өңір тұрғындары 50 қаптан астам жылы киім, азық-түлік пен басқа да қажетті заттар жинаған. Бүгін гуманитарлық көмек Астана қаласындағы Түркия елшілігіне жіберілді. Апатты жағдайдан зардап шеккендер жылы киімдер мен тұрмыстық, химиялық және гигиеналық заттарға мұқтаж. Сол себепті, жіберілген көмектің басым бөлігі жылы киімдер дейді акция ұйымдастырушылары.

«Бұл гуманитарлық көмекті Түркиядағы зілзаладан зардап шеккендерге бейжай қарамайтын, қайырымды өңір тұрғындарымен бірлесе жинадық. Бүгін Астана қаласындағы Түркия елшілігіне жеткіземіз. Және тағы қажетті заттар тізімін сұраймыз. Егер, бізден көмек керек болса, тағы да қайырымдылық акциясын жариялап, қолымыздан келгенше көмектесеміз»,-дейді СҚО түрік қоғамының өкілі Якуб Латипов