Бүгін Петропавлдағы №4 орта мектептің 3 оқушысына шабуыл жасалды. Оларға 9 сынып оқушысы балтамен тап берген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Белгілі болғандай, таңертең 9 сынып оқушысы сөмкесіне балта мен пышақ салып алып келген. Кейін дәретхана кіріп, қаруды алып шығып 3 оқушыны жарақаттаған. Балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
«Балаларға шабуыл жасаған Д. есімді оқушыны полицейлер ұстады. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 24 б. 3 т. – 99 б. 2 т. 1б.14б. бойынша іс қоғалды. Сондай-ақ, жасөспірімнің психдиспансерде есепте тұрғандығы анықталды», деп хабарлайды Петропавл қаласының прокуроры Арман Нұртазин.