Жеңіл атлетикадан елордада өтіп жатқан жабық кешендегі Х Азия чемпионатында Қазақстан ерлер командасы алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Ерлер арасындағы 400 метрлік эстафетада ұлттық құрамамыз 3:09.15 уақыт көрсеткішін тіркеп, үздік шықты. Оған қоса, Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Вячеслав Земс пен Михаил Литвин өнер көрсеткен Қазақстан командасы ұлттық рекордты жаңартты.
Еске сала кетейік, осыған дейін солтүстікқазақстандық Михаил Литвин 400 метрге жүгіруден күміс мeдальға қол жеткізген болатын.
Жалпы, қазір ел қоржынында 4 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль бар.