Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене
Qazaqstan Media

СҚО-да жарты жыл ішінде 600 «Урал» мотоциклі құрастырылған

Өткен жылы ресейлік Ural Motorcycles өз өндірісін Петропавлға көшірді. Жарты жыл ішінде олар 600 мотоцикл жасап шығарған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Бір жыл бұрын ресейлік Ural Motorcycles өз өндірісін Петропавлға ауыстырған болатын. Істі ашуға қолайлы ғимарат тауып, көлікті жасауға қажетті құрал-жабдықтарды көшіргеннен кейін шілде айында олар мотоциклдерді жинай бастаған. Сөйтіп, өңірде 600 мотоцикл құрастырылған. Олардың барлығы экспортталды. «Әрине, алғашында жұмыс істеуге адам таппадық. Барлығын үйрету қажет болды. Қазіргі таңда кәсіпорында 20-дан астам адам еңбек етеді. Келешекте еңбеккерлердің санын тағы да арттырмақпыз. Өйткені, өнімге деген сұраныс жоғары», – дейді «IMZ Kazakhstan» директоры Георгий Курмачев. Ал биыл кәсіпорын 900 мотоцикл жасап шығармақшы. Тапсырыс көлемі – 15 млн АҚШ долларын құрайды.

Өткен жылы ресейлік Ural Motorcycles өз өндірісін Петропавлға көшірді. Жарты жыл ішінде олар 600 мотоцикл жасап шығарған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бір жыл бұрын ресейлік Ural Motorcycles өз өндірісін Петропавлға ауыстырған болатын. Істі ашуға қолайлы ғимарат тауып, көлікті жасауға қажетті құрал-жабдықтарды көшіргеннен кейін шілде айында олар мотоциклдерді жинай бастаған. Сөйтіп, өңірде 600 мотоцикл құрастырылған. Олардың барлығы экспортталды.

«Әрине, алғашында жұмыс істеуге адам таппадық. Барлығын үйрету қажет болды. Қазіргі таңда кәсіпорында 20-дан астам адам еңбек етеді. Келешекте еңбеккерлердің санын тағы да арттырмақпыз. Өйткені, өнімге деген сұраныс жоғары», – дейді «IMZ Kazakhstan» директоры Георгий Курмачев.
-2

Ал биыл кәсіпорын 900 мотоцикл жасап шығармақшы. Тапсырыс көлемі – 15 млн АҚШ долларын құрайды.