Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене
Qazaqstan Media

СҚО-да студенттерге арналған жатақхана заманауи материалдармен қапталмақ

Облыс орталығында СҚУ студенттеріне арналған 2 жатақхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс нысандар аптап ыстық пен үскірік аязға төзімді заманауи материалдармен қапталатын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ студенттеріне арналған жатақхананың құрылысы өткен жылдың маусым айында басталды. Бүгінгі күні мамандар ғимараттың іргетасын қалап, еденін төсеп, 2-ші қабаттың қабырғаларын көтеріп үлгерді. 2 блоктан тұратын нысан 11 қабатты болмақ. Әрқайсысы 600 орынға шақталған. Құрылыс материалдарының басым бөлігін мердігер компания, яғни «Основание» ЖШС-і өзі шығарады. Айта кету керек, ғимараттың сырты жапон панельдерімен қапталады. Жаңа материал Петропавлда алғаш рет қолданылмақ. «Біздің компания темірбетон материалдарын шығарады. Ал, кірпішті Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласынан сатып аламыз. Сондай-ақ, қасбеті жапон панельдерімен қапталады. Бұл материалдың ерекшелігі аязға және аптап ыстыққа төзімді. Осылайша ол опырылып неме

Облыс орталығында СҚУ студенттеріне арналған 2 жатақхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс нысандар аптап ыстық пен үскірік аязға төзімді заманауи материалдармен қапталатын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ студенттеріне арналған жатақхананың құрылысы өткен жылдың маусым айында басталды. Бүгінгі күні мамандар ғимараттың іргетасын қалап, еденін төсеп, 2-ші қабаттың қабырғаларын көтеріп үлгерді. 2 блоктан тұратын нысан 11 қабатты болмақ. Әрқайсысы 600 орынға шақталған. Құрылыс материалдарының басым бөлігін мердігер компания, яғни «Основание» ЖШС-і өзі шығарады. Айта кету керек, ғимараттың сырты жапон панельдерімен қапталады. Жаңа материал Петропавлда алғаш рет қолданылмақ.

«Біздің компания темірбетон материалдарын шығарады. Ал, кірпішті Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласынан сатып аламыз. Сондай-ақ, қасбеті жапон панельдерімен қапталады. Бұл материалдың ерекшелігі аязға және аптап ыстыққа төзімді. Осылайша ол опырылып немесе сынып құламайды.Ұзақ жылдар бойы жаңа қалпын сақтап тұрады. Жұмыстарды мүмкіндігінше мерзімінен ерте аяқтауға тырысамыз», -дейді «Основание» ЖШС директорының орынбасары Роман Тыртышный.

Құны 5 млрд теңгені құрайтын нысанды мердігер компания 2023-ші жылдың аяғына дейін тапсыруды жоспарлап отыр. Жалпы, бүгінгі күні облыс орталығында қызмет көрсету саласы колледжінің студенттеріне арналған 244 орынға шақталған тағы бір жатақхананың құрылысы жүріп жатыр.