«Қызылжар» ФК жақын арада 5 жолдастық кездесу өткізеді және маусымды Павлодарда бастайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Осы күндері петропавлдық «Қызылжар» ФК Түркия елінде алдағы маусымға дайындалып жатыр. Кеше кешке ұжымның баспасөз қызметі команданың оқу-жаттығу жиындары аясындағы ендігі қарсыластарын жария етті. «Алания» ФК (Ресей) – 09.02 «Алашкерт» ФК (Армения) – 13.02 «Динамо Махачкала» ФК (Ресей) – 16.02 «РФШ» ФК (Латвия) – 20.02 «Шинник» ФК (Ресей) – 23.02 Бұған дейін петропавлдық жігіттер бірнеше жолдастық кездесу өткізді. Өкінішке қарай, соңғы матчта ресейлік «Нефтехимик» командасынан ұтылып қалды. Ойын 0 де 2 есебімен аяқталды. Жанкүйерлерге тағы бір маңызды ақпар, «Қарасай» стадионы маусымға дайын болғанша петропавлдық аяқдоп шеберлері ішкі біріншіліктегі қарсыластарын Павлодарда қабылдайды. Биыл «Қызылжар» ФК облыс қазынасынан 1 754 000 000 теңге бөлінеді. Оның 1,2 млрд теңгесі негізгі командаға бағытталмақ. Ал 554 млн теңге балалар футболына жұмсалады.
«Қызылжар» ФК-ның маусымды қайда бастайтыны белгілі болды
9 февраля 20239 фев 2023
~1 мин