Найти в Дзене
Qazaqstan Media

БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Петропавлда «Хабар 24» арнасының түсіру тобына күш қолданғандардың ісіне сот нүкте қойды. Осыдан бір жарым жыл бұрын сауда –ойын- сауық орталықтарының бірінде БАҚ өкілдерімен күзетшілер арасында дау туындаған еді. Қауіпсіздік қызметінің басшысы тілшілердің қызметіне кедергі келтіріп, ғимараттың ішінен күштеп шығарып тастауға бұйрық берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

 

Кейін ҚР ҚК 158 бабы, 2-бөлігі яғни «Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бір жарым жыл ішінде ол бес мәрте жабылып, алты рет ашылды. Бүгін журналистердің жұмысына кедергі келтіріп, құқығын бұзған азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Әзірге құжат заңды күшіне енген жоқ. Сол себепті екінші тарап алдағы он бес күнде аппелацияға шағым бере алады.

 

 «Сұлтан Нәбиоллаұлы Сағандықов қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Және оған бір жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Алайда 2021 жылғы 7 желтоқсандағы «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңның негізінде сот оны бұл жазадан босатты»,-дейді Петропавл қалалық сотының судьясы Әсем Жаналина.