Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында Уәлиханов ауданындағы «Қызыл оба» қорымында зерттеу жұмысы жалғасады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Өңірдің батыс бөлігінде орналасқан «Қызыл оба» қорымы 2019 жылы көпшілікке танылды. Қорым Алтын Орда дәуіріне жатады. Қойнауы сырға толы мекенде осыдан 8 мың жыл бұрын адамдар өмір сүрген. Оған қазба жұмыстары кезінде анықталған адам сүйектері, кесенелер, әшекей бұйымдар, өндірістік пештер мен тұрмыстық мақсаттағы құрал-жабдықтар дәлел. Биыл тарихи аумақта археологиялық қазба жұмыстары және табылған сүйектерді жер қойнына тапсыру жұмыстары жалғаспақ. Оған туристер де ат салыса алады. «Өңірімізде мұндай бастама алғаш рет қолға алынбақ. Тарихқа, археологиялық қазба жұмыстарына қызығатын адамдар көп. Сол жандардың арманын орындағалы отырмыз. Қазба жұмыстарын жүргізу үшін «Ботай» қонысына да туристерді шақырамыз. Ниет танытушы жандар отбасыларымен келе алады. Бұл дема
Биыл «Қызыл оба» қорымындағы қазба жұмыстарына туристер қатыса алады
8 февраля 20238 фев 2023
~1 мин