Найти тему
Qazaqstan Media

СҚО-да адам өлімі тіркелген түзету мекемесінің бастығы қызметінен босатылды

Айыртау ауданына қарасты Новоукраинка елді мекеніндегі қылмыстық-атқару жүйесінің №51 мекеме бастығы мен режим бөлімінің бастығы қызметтен босатылды. Тағы 5 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке (сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке толық емес сәйкестік) тартылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Естеріңізге салайық, өткен жылдың қарашасында аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан 1994 және 1976 жылы туған сотталғандар арасында жанжал болды. Төбелес кезінде 1976 жылғы жазасын өтеуші бастан балғамен бірнеше соққы алды. Салдарынан аудандық ауруханада тілге келместен көз жұмды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолын қанға былғаған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған. Әлі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол осыдан 3 жылға жуық уақыт бұрын ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бап 1-бөлім «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша 6 жылға сотталған. Ал марқұм болған ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бап «Адам өлтіру» бойынша темір торға қамалыпты. Екеуі де Солтүстік Қазақстан облысының тумасы.