Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 3432 адамға жетті. Ал зардап шеккендер саны 21 мыңнан асады. Төрткүл дүние Түркияға қолдан келген көмектерін жеткізіп жатыр. Бүгін өңірдің 5 дәрігері де түрік ағайындарға көмек көрсету үшін аттанады, деп хабарлайды Qazastan Media тілшісі. Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Түркияның Кахраманмараш провинциясында 7,4 балдық жер сілкінісі болды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға қатты жер сілкінісінің зардаптарын жоюға шұғыл көмек көрсету тапсырмасы бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы басқа өңірлер сияқты, өз медициналық-құтқарушыларын жібереді. Біздің облыстан Түркияның зардап шеккен аймақтарына бес дәрігер аттанбақ. Олар жоғары санатты дәрігерлер: дәрігер-хирург – Руслан Абетов, дәрігер-реаниматолог – Сергей Ишин, ортопед-травматолог – Евгений Никонов, екінші санатты дәрігер-нейрохирург – Максим Задворный және жалпы практика дәрігері – Нияз Абдрахимов. Төтенше жағдайлар басқармасының соңғы ақп
Солтүстікқазақстандық 5 дәрігер Түркияға шұғыл көмек көрсету үшін аттанады
7 февраля 20237 фев 2023
~1 мин