Найти в Дзене
Qazaqstan Media

СҚО-да заңсыз діни қызметпен айналысқан екі шетелдік ұсталды

СҚО полицейлері заңсыз діни қызметті жүзеге асырған Ресей Федерациясының екі азаматын жауапкершілікке тартты. Олар Қазақстанда тіркелмеген діни ұйымның ізбасарлары екені анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ресейліктер 2022 жылдан бастап Петропавл тұрғындарын өз ұйымдарына тартып, «жанның тазаруы болады» деп уәде берген. Осы ұйымға адамдарды ізбасарлар мен мессенджерлер арқылы тартқан. Қылмыскерлер – 42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйел — Я.Гашек көшесіндегі жалдамалы пәтерде ұсталды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 489-бабының 10-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

«Аталған баптың санкциясына сәйкес бұл үшін елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу көзделген. Бұл ұйым Ресей Федерациясында тоталитарлық деп танылып, бүкіл ел аумағында оның әрекетіне тыйым салынған. Қазіргі уақытта құқық бұзушылардың заңсыз әрекеттерін одан әрі тексеру жүргізілуде», – дейді СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.