Ментальді арифметика несімен пайдалы? Баланы ментальді арифметика үйірмесіне неше жастан берген дұрыс? Үлкендер жағы кішкентайлар сияқты жылдам ойлап, дұрыс жауап беруді меңгере алады ма? Бұл сұрақтарға Qazaqstan Media тілші жауап іздеді. Бүгіндері әр баланың ыңғайына қарай үйірменің түрі көп. Бірі тіл үйретеміз десе, екіншісі – есеп шығаруға, ал үшіншісі спортқа машықтандырамыз дейді. Әрине, ұл-қызының жарқын болашағын ойлайтын кез-келген ата-ана баласын түрлі үйірмеге жазғысы келеді. Бірақ, соның қаншалықты қажеттілігі бар? Мектептегі, одан қалды үйірмедегі жүктеме жеткіншектердің денсаулығына зиян емес пе? Бұл сұрақты ментальді арифметика жүйесін зерттеген психолог-логопед Аяжан Әскероваға қойдық. «Ментальді арифметика – арнайы жүйе. Ол логиканы, баланың бойындағы зейінді шоғырландыру, фотографиялық есте сақтау және өз-өзіне деген сенімділік сынды қасиеттерді дамытады. Осының арқасында бала кез келген арифметикалық есептерді калькулятордан бұрын дұрыс есептей алады. Мысалы, «527+3