VI жазғы Спартакиадада теріскейлік палуандар екінші медалді еншіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Осы күндері Алматы қаласында күрес түрлерінен VI жазғы Спартакиада өтуде. 4 жылда бір жалауын желбірететін дүбірлі доданың шымылдығын грек-рим күресінің шеберлері ашты. Алғашқы күні 82 келі салмақ дәрежесіндегі солтүстікқазақстандық Ислам Евлоев алтыннан алқа тағынды. 18 жастағы бозкілем шебері 4 бірдей қарсыластың мысын басты. Ал екінші күні 87 келі салмақ дәрежесіндегі Бауыржан Мусин қоланы қоржынға салды. Жарыс ақпанның 8-іне дейін жалғасады. Тарысты бәсекеде Қазақстанның 3 қаласы мен 17 облысынан келген 650-ге тарта спортшы бақ сынасуда.