Найти в Дзене
Qazaqstan Media

Қазақстанда 20 ақпаннан бастап бизнес идеяларды іске асыру үшін грантқа өтініш қабылдау басталады

Алдағы дүйсенбіден бастап елімізде өз ісін ашамын деушілер мемлекеттік грантқа өтініш бере алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қайтарымсыз қаржы алуға өтініштер Business.enbek.kz порталында қабылданады. Грант үлестіру төрт лек бойынша жүзеге аспақ. Оның алғашқысы 20 ақпан мен 3 наурыз аралығында өткізіледі. Гранттар саны – 2577. Қайтарымсыз грант, 1 млн 380 мың теңгені алуға үмітті жандар төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болуы керек:

  • мүгедектігі бар адамдар;
  • қандас мәртебесін алғандар;
  • қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері;
  • аз қамтылған отбасылардың мүшелері;
  • көпбалалы отбасының мүшесі (жұбайы, зайыбы);
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар (жұбайы, зайыбы);
  • асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатындар.

Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаты болуы тиіс.