Жетісу облысы әкімі Бейбіт Исабаевтың Алакөл ауданы тұрғындарымен кездесуі біршама қызу пікірталасқа ұласты. Өңір басшысына тұрғындар бірқатар мәселемен жүгінді. Олардың қатарында баспана, жайылым проблемалары да болды. Сонымен бірге жылдар бойы шешілмей келе жатқан өз жерін өздері пайдалана алмай отырмыз деген шаруалар да жиында ашуға мінді, деп хабарлайды Agroqogam.kz тілшісі. Өңір басшысымен кездесуге жалғызбасты аналар, кезегі жетсе де үй ала алмай, пәтер жағалап жүргендер, дене шынықтару залының төбесі опырылып түскен мектеп өкілдері және шаруалар мен қарапайым тұрғындар келген. Мәселен, жуырда берілген жаңа тұрғын үй кезекте тұрғандардың біразына бұйырмаған. Себебі аудан бойынша 900-ден астам тұрғын белгісіз себептермен базаға енбей, кезектен шығарылып қалған. Сондықтан, халық заңды кезегіне сай үй ала алмай сабылуда. Аталған мәселе бойынша Алмас Абдинов тиісті шаралар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Айтуынша, қазіргі таңда тексерістер жүріп жатыр. Тұрғындарды баспанамен қамту ауда
«Аш бала тоқ баламен ойнамайды», немесе алакөлдіктер неге ашуға мінді
17 февраля 202317 фев 2023
1
1 мин