Петропавлда тағы да су құбыры желісінде апат болып, бірқатар аудандар сусыз қалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бүгін түс кезінде Универсальный көшесі бойындағы су құбырында апат орын алды. Диаметрі 800 мм болатын құбыр жарылып, Жұмысшы кенті, Береке және Вокзал маңы аудандарының тұрғындары сусыз қалды. Қазіргі таңда «Қызылжар су» серіктестігінің 35 қызметкері жөндеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Іске тағы 15 бірлік техника жұмылдырылған.
Сондай-ақ, жауапты мекемедегілер тұрғындарды ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілетіндігін ескертті.