Найти в Дзене
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

197-ші Қара пайым-сөз: Қазақтың тарихын түркі халқының Жерұйығы – Ергене қоннан іздегеніміз жөн

Қазақтың тарихы қайдан басталады? – деген сұрақ қанша ұрпақтың көкейінде кептеліп қалған тығын сияқты бір ашылмай қойды. Шыққан тегі еврей болса да, 30 жасында исламды қабылдап Шыңғысханұлы Төленің баласы Хулагу құрған Ильханат (ағыл. Ilkhanate) мемлекетіне адал қызмет еткен Рашид ад-Дин Тәуіп (Rashid-al-Din Hamadani – 1247-1318) өз заманында «Жамағат тарихы» (Сборник летописей) http://www.vostlit.info/Texts/rus16/Rasidaddin_2/kniga1/frametext4.html (Jāmiʿ al-Tawārīkh – Compendium of Chronicles) деп аталған күллі түркі халқының ежелгі тарихын жазған. Әнебір жылдары «Мәдени мұра» деген бағдарлама қабылданып, есепсіз бюджет қаражатына «қазақтың тарихы» Еуропа елдері, Қытай, Иран, Ресей т.б. жерлердің мұрағаттарынан іздестірілді. Жұмсалған қаражатты ақтау үшін «қазақ деген сөз аннан табылды, мұннан табылды» деген ақпараттар та жарияланды. Сонымен шам өшті. Қазақ ғылымының шынымен де миы ашып кеткен бе, әлде жоғары жақтан біреу әдейі қазақтарды жалған сүрлеуге салып отыр ма, қайдам, әйтеуір бүкіл түркі әлемі өзінің бастауын арғы замандағы «Ергене Қоннан» (Promised Land – Земля Обетованная) іздеп жатқанда, қазақтың ғылымы тарихымызды бергі заманнан іздеп әуреге түсіп жүр. Қазіргі қазақ халқының құрамында бар кейбір тайпалар сол «Ергене Қоннан» шыққан тайпалардың ішінде аталады. Қиян мен Нүкуздің (кей деректе Тоғұз) әйелдерінен осыншама ру-тайпа 400 жылдың ішінде пайда болды деген қазіргі тұжырым ешбір сын көтермейді. Ұрпақ өрбітудің орташа мөлшері 25 жыл деп есептегенде, осыншама халықтың пайда болуы үшін ең кемі 4000 жыл уақыт қажет. Қалғанын келесі жазбамда жазамын, әйтпесе миларыңыз аши бастады білем...