Кейбіреуін ойланып-толғанып, кейбіреуін ойыма қалай келсе, солай суырып алып жазып жатқан басты және жанама кейіпкерлері жоқ мына жазбаларымды жұрт қалай түсініп жүр екен. Тіпті ұйықтап жатсам, түсімде «тұр-тұр, тағы бірдеме жаз, оқиық!» деп оқырмандарым оятып жібергендей болады. Үкіметтің газет-сайттарында шаруам жоқ, өз парақшам болған соң, көңілімді құйындатып, ойлантып-толғантып жүрген нәрселерді жазып жүрген жайым бар. Бірақ айтпақ болған оймақтай ойларымды осы қазақтың түсініп жүргеніне кейде күдіктеніп қаламын. Сондайда, Құдайым-ау, қазағыма құлдықтың қамытын мықтап кигізіп, санасын ластап сонша жазалайтындай не жасап қойды саған қарсы? – деп кейде отырып алып жылағым келеді. Ең қысқа жазудың шебері Антон Павлович Чеховтың (1860-1904) шығармаларының өзі кейде маған ұзақ-сонар болып көрініп кетеді. Десе де небәрі 44 жыл өмір сүрген осы жазушының «Шиелі бақ» (Вишневый сад) деген әңгімесі маған қатты ұнайды. Кедейленіп қалған бай әйел Любовь Раневскаяның ата-анасының крепостной
196-шы Қара пайым-сөз: «Шиелі бақ»-тың жалғасы жазылмасын, орыстардың әлі бізге керегі бар
18 августа 202018 авг 2020
1 мин