Осыдан бес күн бұрын «Қазақтың ежелгі «Тоғыс есебі» күнтізбесін түсінем деушілерге айқын мысал» деген жазба жазып, 18-19 тамыз күндері «өліара шағындағы Ай мен Қамбардың тоғысы» болатынын және ауа-райының бұзылатынын ескерткен едім. Ғаламтордағы мына сілтемеден http://www.astronet.ru/db/map/ (Карта звездного неба) дәл қазір аспанда не болып жатқанын көруге болады. Қазақтар «Қамбар жұлдызы» деп – Арыстан шоқжұлдызын айтады. Дәл қазір көзге көрінбейтін «өліара» шағындағы Ай табағы Қамбар жұлдызының «Мұртының» (Альгенуби [ε Leo]) алдында тұр. Бүгін түнде Ай табағы Қамбар жұлдызының «Жүрегінің» (Регул [α Leo]) тұсына барады. Ай табағы Қамбар жұлдызының «Тұяғын» (Денебола [β Leo]) басып өткенде ғана, ауа райы қайта түзеледі. Кеше ғана ыстық аптап болып тұрған Алматыда, бүгін ауа-райы күрт бұзылатынын көп адам білген жоқ. Бүгін таңертең аспанды қорғасындай қара бұлттар тұмшалап, бейне бір қара күз келгендей мұздай жаңбыр жауып тұрғанын көргенде көп адам таң қалғаны белгілі. Дәл қазір тек
191-ші Қара пайым-сөз: Бүгін (2020 жылғы 18 тамыз, сейсенбі) – Ай мен Қамбардың тоғысы болып жатыр
18 августа 202018 авг 2020
1 мин