Мына бүкіл елді тірідей үйқамаққа қамап тастаған індеттің карантині басталмай тұрып Қарасай батыр мен Әуезов көшелерінің қиылысындағы моншаға барған едім. Обалы не керек, осы моншаның ыстық бу бөлмесі жақсы. Егер әлгі бөлме ластанып кетсе, екі-үш белсенді бірігіп алып, бөлмені жалтыратып тазалап, самырсынның (пихта) суын сеуіп, халыққа қошемет жасап жатқаны (үстім қышынып кетті, моншаны сағындым). Содан ыстық бу бөлмеден рахаттанып, денем жеңілдеп шығып, термостағы шайымнан бір кесесін басыма көтеріп бір-ақ іштім, тер бұрқ ете түсті. Жанымда үш-төрт қазақты аузына қаратып, батыр тұлғалы, мұртты бір қазақ әңгімені басып отыр екен. Естіген құлақта жазық жоқ, әңгімесі мынау: «Осы елде ойланбай бастарын шауып тастайтын, басы артық бір-екі мың қазақ бар» деп бір дем алып алып, даудырап әлгі тізімге кімдер кіретінін санамалай бастады. Сол-ақ екен жанымызда отырған екі-үш жігіт (шенеуніктер ғой деймін) шошып кетіп, орындарынан атып тұрып, тез-тез киіне бастады. Мен күлкіден жарылып бара ж
194-ші Қара пайым-сөз: Өмірдің көкейкесті мәселелерін қазақ моншада талқылайды ма деймін
18 августа 202018 авг 2020
1 мин