Менің басқа қаймана қазақпен салыстырғандағы қасқабастығым, ақымақтығым, тіпті нақұрыстығым, мүмкін сорлылығым («бағым» емес екендігіне көзім толық жетеді) сол, сонау тәуелсіздік алған алғашқы күндерден бастап Қазақ мемлекетінің болашағы туралы жазылған табақтай-табақтай мақалалар, қабылданған негізгі бағдарламалар мен стратегиялар және т.б. газет-кітаптардан оқып шығып, ойланып жүремін. Сонау 90-шы жылдардың екінші жартысында бірінші әйелім Манат марқұм, азық-түлік алып кел деп берген азын-аулақ ақшаға Н.Ә.Назарбаевтың түрлі бағдарлама, стратегия, экономика, саясат және т.б. туралы кітапшаларын қызығып сатып алып, басым бір ай бойы (келесі жалақы алғанша) бәлеге қалғаны бар. Екінші әйелім Ардақ та солай (әйелдердің бәрі бірдей екен ғой тәйірі) шу шығарып, «пәлтай-шалтайыңды» білмеймін, мынау сарғайып кеткен қағаздарыңнан басыңа мүйіз шықса оның «қарағайдай» болатын кезі болды, бірақ басыңда қарайған ешнәрсе жоқ, демек бұл қағаздарыңнан ешбір пайда жоқ. Үйдегі саны көбейген бала-ша
185-ші Қара пайым-сөз: Қазақтың, ұлттың мәселесі туралы уайымыңа – әйелімнің пысқырғаны бар ма?
16 августа 202016 авг 2020
1 мин
