Найти в Дзене
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

183-ші Қара пайым-сөз: Осыны түзеп алмай, қазақтың ел болуы қиын-ау деп ойлаймын

Жазған мақалаларым себепші болып, мына АҚШ және Еуропа азаматтарымен тығыз араласқан сайын, олардың өздері білмейтін нәрсені тезірек білуге құмартып-өршеленіп кететініне тәнті қалам. Олар бір-бірімен қайсының үйі әдемі, кімнің көлігі жүйрік, қайсысы бай тұрады, қайсысының киімі модаға сай келеді деген тұрмыстық мәселе бойынша емес, кімнің ілім-білімі көп деген мәселе бойынша бәсекелесіп отыратындығы таң қалдырады. Егер бір отырыста не тойда, көрші отырған адамның мұның білімін сынау үшін қойған сұрағына жауап таба алмай қалса, әлгі адам ел алдында масқараға ұшырайды. Сол себепті АҚШ және Еуропа азаматтары бірінші кезекте ақшасы мен бизнесін емес, білім көкжиегін (horizon of knowledge – горизонт знаний) кеңітіп отыруға мүдделі. Себебі білім көкжиегінің таяз екендігі байқалып қалса, әлгі адаммен ешкімнің де ортақ бизнесті жүргізгісі келмейді. Егер тез түзелмесе, көп ұзамай әлгі адамға «надан-нақұрыс» деген лақап тағылып, оны ешкім той-томалаққа шақырмайды, бизнесі құлдырап «нөл» болып қалады. Ал біздің Қазақ елінде бәрі де керісінше. Ақшасы бар адам – ақылды адамға пысқырып қарамайды. Міне «надандықтың шегі» деген осы болады. Осыны түзеп алмай қазақтың ел болуы қиын-ау деп ойлаймын.