«Тәжі-дерт»* күллі әлемді жайлап тоқтайтын түрі жоқ. Бүгінгі статистика бойынша (2020 жылғы 21-тамыз, жұма) әлемнің 188 елінде 22,5 миллион адам осы індетті жұқтырып, 792 мың адам көз жұмды. «Жасасын глобализация» деп дарбазасын айқара ашып тастаған қонақжай еуропа мемлекеттері, «батырға да жан керек» деп асығыс-үсігіс шекараларын қайта жауып жатыр. Бұған дейін талай індетті ауыздықтаған әлемнің тәжірибелі дәрігерлері қос қолымен бастарын ұстап «бұлай болуы мүмкін емес, неге бұл індет бұған дейінгі тәртіптердің бәрін тәрк етіп, қайта-қайта өрши береді» деп індетке шипа таба алмай шарасыздық танытып отыр. Шынында не болып барады өзі?! – деп ойланбаған адам жұмыр Жердің бетінде қалмаған шығар деп ойлаймын. Басқасын білмеймін, бірақ дәл осы індетті көп жылдардан кейін «құпиясы ашылмаған ақылды, ғажайып індет» деп атайтын сияқты. Себебі, қулық-сұмдығы көп адамзаттан бұл індет екі қадам ілгері ойлап, құрған тұзақтан сытылып шығып кетіп жатыр. Бұрын таңнан-кешке дейін жұмыста болып, не ө
212-ші Қара пайым-сөз: Мына індет біз тәубемізге түспейінше, беті қайтпай ма деп қорқа бастадым
21 августа 202021 авг 2020
1 мин