– Ех, өнер, қазақы өнер, есіл өнер,
Алса ғой түзу бағыт көшің егер,
Тұтқасын ұстар ең-ау дүниенің
Әзірге жетімсің сен, кешіре гөр – деп Есенғали Раушанов қалай дәл басып айтқан десеңші. Осыған дейін жазған кейбір жазбаларымда «Тоғыс есебі» туралы жазған едім. Бүгін қазақ халқының осы ежелгі күнтізбесін мысал келтіре отырып түсіндірудің сәті түсіп отыр. Кеше «Ай мен Үркердің ауыл-үй қонған» күні болды. Бүгін, яғни 2020 жылғы 13-тамыз күні Ай мен Үркер «тоғысты». Тоғыс болған кезде ауа райында байқарлықтай өзгеріс болады. Мысалы, бүгін Алматыда кешкі ақшамда күн күрт салқындап, жаңбыр себелеп өтті. Ертең Үркердің «Өріп шығатын күні болады», яғни Үркер Айдың оңтүстік жағында жымыңдап тұрады. Егер араларыңызда шығыс жақ көкжиек жақсы көрінетін елді-мекенде тұратын қазақтар болса, бүгін Айдың Үркердің үстіңгі жағында тұрғанын көруге болады. АҚШ және Еуропа ғалымдарын таң қалдырып отырған нәрсе, мыңдаған жылдар өтсе де көшпенді қазақтар ойлап тапқан «Тоғыс есебі» күнтізбесінің әлі де мүлтіксіз жұмыс жасап тұрғаны. Енді шамамен 19-20 тамызда (6-7 күннен кейін) оң жағынан сола бастаған Ай – Қамбар жұлдызын (Арыстан шоқжұлдызы) басып өтетін кезде, қазақ елінде (тіпті күллі әлемде) ауа райы күрт бұзылады. Жаз-күзде жаңбыр жауады, қыс-көктемде қар жауып, боран болады. Мұның бәрін сәуегейлікпен емес, 35 жылға жуық зерттеу арқылы біліп отырмын. Біздің миы ашып кеткен қазақ ғалымдары еуропаның есуас қылатын ғылымына табынғанша, ата-бабаларымыздың осы ежелгі ілімін неге зерттемейді. Соны ешбір түсіне алмай келемін...