Қазіргі жас ұрпақ Юрий Никулиннің кім екенін білсе де, оның данышпан дарындылығы мен кемеңгерлігін (гениальность-genius) жете түсіне бермейді. Себебі заман 180 градусқа өзгеріп, бұрын солтүстіктен соғатын жел, батыстан соғатын болып бағыты өзгеріп кетті. Осы жерде отырғандардың көпшілігі Никулин-Вицин-Моргунов түскен киноларды көріп, күліп отырып, көзімізден жас ағып жылап өстік. Кейбіреулеріңіз, мына Қалдархан, қазақтың кемеңгерлігін айтпай, қайдағы бір еврей шалды дәріптеп отырғаны несі деп қабақтарыңыз тыржиып отырған болар. Білмесеңіз айтайын – данышпандық, дарындылық, кемеңгерлік ұлт таңдамайды. Ол не – бар, не – жоқ, үшінші түрі – тарихта болмаған. 1997 жылғы шілде айында жүрегі сыр берген соң, жүрегіне ота жасау үшін 5-тамыз күні медбикелер Никулинді арбаға салып әкетіп бара жатады. Сонда Юрий шал мына анекдотты айтқан екен: «Бір депутат үйіне өлесі мас болып келіп, табалдырықта теңселіп тұрады. Бір кезде құсқысы келіп «уах, уах» дей бастағасын, әйелі дереу шылапшын әкеліп, аузына тосып «ал, енді құс» дейді. Сөйтсе депутаттың түрі өзгеріп: «Тұжырымдама өзгеріп кетті – мен бұтыма тышып қойдым» деген екен». Осы отадан ес жимаған күйі ақ бас шал 21 тамыз күні қайтыс болды, бірақ «Никулиннің өлер алдындағы ең соңғы анекдоты екен» деген артында аңыз қалды. Бұл әділетсіз өмір, саясат, қоғам, билік біздің көзіміз тіріде өзгере ме, өлгеннен соң өзгере ме, оны бір Алла біледі. Шіли, қатая бермей, бұл өмірде жымию да керек, әйтпесе жынданып кетуіңіз мүмкін...
176-шы Қара пайым-сөз: Шіли, қатая бермей, бұл өмірде жымию да керек, әйтпесе жынданып кетуіңіз мүмкін...
12 августа 202012 авг 2020
1 мин