Найти в Дзене
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

174-ші Қара пайым-сөз: АҚШ-тың CIA Барлау Басқармасы қазақтарды өрескел дарақы мақтаншақ деген екен

Күллі әлемді қырағы көзбен шолып отырған АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасы (Central Intelligence Agency, CIA) «Шыңғысханның бүгінгі ұрпақтары не жасап, немен шұғылданып жатыр екен» деп оқтын-оқтын қазақтарды сыртынан зерттеп отырады екен. Таяуда «құпия» деген таңбасы алынған ОББ-ның 1953 жылы жазылған сондай құжаттарының бірінде, жергілікті агент: «Синцзян мен Тибетте өмір сүретін қазақтардың кейбір жақсы қасиеттерін айта келе, көп қазақтар егін екпейді, тек малдың сүті мен етін қорек етеді, өте жалқау, ал жастары жақсы киімдері мен жүйрік аттарын бір-біріне қызғансын деп көрсететін өрескел дарақы мақтаншақ» деп Бас кеңсеге мәлімдеме жөнелткен. АҚШ-тың осы құпия жазбасы жазылғаннан бері 67 жыл өтіпті. Содан бері қазақтар керемет еңбекқор, жастары отаншыл, өнер, білім, ғылымға құмар ұлтқа айналды деп қайсыларыңыз айта аласыздар?!