Табиғатта біз білмейтін тылсымдарды «National Geographic» деген телеарна журналистері мол қаражат бөліп түсіріп жүреді. Бір теле бағдарламасынан Сахара шөліне қатысты екі сюжетті көріп таң қалдым. Бірінші сюжетте Меккенің арғы жағында көбелектің қанатының лебінен «үп» етіп жеңіл көтерілген құм үдеп-үдеп, дауылға айналып, ақырында Атлант мұхитының үстінен асып, АҚШ-қа алапат торнадо болып баратынын көрсетеді. Екінші сюжетте Сахара шөлінің ішіндегі көлшікте кәдімгі шабақ балықтар жүзіп жүргенін көрсетеді. Тележурналистер осы табиғат құбылысының қарсаңынан бастап, соңына дейін құмның ішіне барып жатады. Әуелі алай-түлей дауыл тұрып, құм борап, жаңбыр жауады да, көлшік пен уылдырықтан пайда болған шабақтар пайда болады. Шамамен бір аптадан кейін тағы да алапат дауыл тұрып, бұл жолы әлгі көлшік те, шабақ та жоқ болып кетеді. Кейін ғалымдар зерттей келе, әлгі көлшік пен уылдырықтар мұхиттан келіп, шабақ пайда болған соң қайтадан мұхитқа оралатынын анықтайды. Біз табиғатты мылқау десек те, оның Құдай берген санасы бар тірі организм екенін байқаймыз. Айтқандарым ертегіге ұқсайды, бірақ ертегі емес. Табиғатта әлі біз білмейтін талай құпиялар бар...
171-ші Қара пайым-сөз: Табиғатта біз білмейтін талай құпия бар, оны ашу бізді Құдайға жақындата түседі...
Около минуты
12 августа 2020