Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

169-шы Қара пайым-сөз: Поддубныйдың арыстанға күш атасын танытқаны туралы мысал

Елімізде не күлеріңді, не жыларыңды білмейтін қызық (шыжық) жағдай қалыптасып отыр. Осы жылдың 8 маусым күні қамауға алынып, бүгін қамақтан шыққан Әсия Төлесова – «Құлагер» поэмасын жазған қазақтың классик ақын-жазушысы Ілияс Жансүгіров пен оның жары Фатима Ғабитовадан туылған шөбере қыз. Баршылықта, тоқшылықта өскен перзент болса да, бабасының аруағы түрткілеп, қазақ халқы әділетті қоғамда өмір сүрсе екен деген тілекте жүрген қызбала. Поддубный деген орыс балуаны зоопаркте қыдырып жүрсе, «көрермендер қот-қоттап, анау торда тұрған арыстанды жеңе алар ма едің» деп намысына тиіп кетеді. Сонда Поддубный әлгі торға келіп, екі қолымен қарыс білеу темірді екі жаққа ашып, тордың ішіне кіргенде, ақырып тұрған арыстан артымен жерге отырып, жерге жата кетіпті дейді. Күш атасын танымас деген сол. Қазіргі билік басындағылар үшін қасиетті ешнәрсе де қалмады. Бәрінің көзінің ішінде $ және $ айналып, ақ пен қараны ажыратудан қалды. Өз алдына жеке алып қарасаң «Билік» деген терминде тұрған дәнеме де жоқ. Егер жақсы адам басқарса билік халқы үшін жайлы-майлы болады. Ал егер билік пиғылы жаман адамдардың қолына тисе бүгінгідей жағдай орнайды. Тағы да жүздеген Әсия Төлесовалар сотталып, одан да жаманы, тағы да жүздеген Дулат Ағаділдердер жеке-жеке өлгеннен, ешбір пайда жоқ. Билік әлгі арыстан сияқты артымен отыру үшін халық өзінің күш екенін сездірту керек. Бірақ қазақ халқы әлі шикі қауын-қарбыз, шертсең тыңқылдамайды, құр мыңқылдайды. Әйтсе де табиғат заңы бойынша ол міндетті түрде пісіп-жетіледі, күтуге тура келеді...