Әдемі жазылған сөздердің, өлеңдердің арғы жағында сіздер ойлағандай жадыраған жаз бола бермейді. Арғы жақта көбінесе азынап, қойны-қолтығыңды тесіп өтетін қаһарлы қыс көп бой беріп жатады. Кейбіреулер жылап отырып, күлдіргі сөздер жазады, ал енді біреулер күліп отырып, жылататын сөздер жазады. Бәрін де жазушы адамның шеберлігі шешеді. Ал оқырман тек жақсы әсерде қалып, көңіл толқыны кемерінен аса толқып, көп нәрсені байқамай қалады. Олар осындай әдемі сөздерді моншақтай етіп тізіп, көңіліңіздегі айта алмай жүрген ойларды дәп басып айтатын адамды керемет төрт құбыласы тең адам деп ойлайды. Бірақ расында ол да сіз сияқты пенде, күледі, жылайды, ренжиді, қуанады. Өмір деген үлкен театр, ондағы спектакльдердің сценарийін тағдыр жазса, рольдерді сіздер мен біздер бөліп ойнаймыз.
168-ші Қара пайым-сөз: Өмірлік спектакльдердің сценарийін тағдыр жазады, рольдерін адамдар ойнайды
12 августа 202012 авг 2020
1
~1 мин