Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

167-ші Қара пайым-сөз: Бұл өмір ғой ағайын, дұрыс түсініңіздер

Жан-жағымызда әсемдеп, көркем тілмен майын тамызып жазатын ешнәрсе жоқ. Себебі бұл жоқшылық пен тоқшылық тіке тірескен бұлталаңы көп өмір. Қазіргі уақытта, әділетсіздік жайлаған қоғамымызда дүниеден түңіліп жүрген адам көп екенін керең-соқыр болмаған соң көп көріп жүрмін. Міне, қазір күйеуі қайтыс болған қазақтың бір қызы ұлымды сүндетке отырғызайын деп едім, ақшам жоқ деп «көмектесіңіз» деген сияқты «емеурін» танытады. Менде қазір суырып бере салатын ақшам жоқ. 6-айға кетіп барады, жарты ставкамен жұмыс жасап жатырмын. Егер араларыңызда 13 жастағы баланы Алла ризашылығы үшін деп сүндетке отырғыза алатындарыңыз болса, әлгі жалғызбасты анаға көмектесіңіздер. Не болмаса ел-қауым болып ақша аударып беріп, сүндетке отырғызып берейік баласын. Өтірік алдаса Алла алдында өзі жауап береді ғой. Бұл өмір ғой ағайын, дұрыс түсініңіздер!

С подпиской рекламы не будет

Подключите Дзен Про за 159 ₽ в месяц