Көктемде Өзбекстанда Сардоба (қазақша – Сарытөбе) бөгеті жарылып, ол жаққа да, бұл жаққа да біраз шығын келгені белгілі. Сол бөгет бірден жарылған жоқ. Әуелі тас-бетонның арасына су әсте-әсте бармақтап еніп, бөгет әбден ылғалданды. Ол ылғал көзге көрінбеген соң, ешкім бұл бөгеттің ішкі құрылысы бүлініп-бұзылып жатқанын білген жоқ. Одан соң бөгеттің екінші бетінен білінер-білінбес болып халықтың көз жасы сияқты су тамшылап тұрды. Оны да ешкім байқамады. Одан әрі су сыздықтап аға бастады. Оны байқағанмен ендігі апаттың алдын алу мүмкін емес еді. Іші суға толған бөгеттің үстімен жүгіріп өткен адамның аяқ дүрсілі, сондай мықты болып көрінген бөгеттің быт-шытын шығарды. Әрине менің билікте, биліктің менде шаруасы жоқ. Бірақ қазақ қоғамы да осы бөгет сияқты жарылудың алдында тұр. Өкінішке орай сол судың сел толқыны боқ-сідікті де, ешбір жазығы жоқ төрт түлікті де бірге шайып кететіндігі қынжылтады.
170-ші Қара пайым-сөз: Сел толқыны боқ-сідікті де, момын төрт түлікті де бірге шайып кететіні өкінішті
Около минуты
12 августа 202012 авг 2020