«Мұқағали (шын есімі – Мұхаммедқали) Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976) Қарасазда туылған қазақтың лирик ақыны» екенін бүгін айтпайтын, білмейтін адам жоқ. Бірақ осыдан елу жыл бұрын қазақтың бағына берген осы ақынды, қазақ-совет ақындарының типтік бейнесінің көрінісі болған ардан-таланттан жұрдай қарға-құзғын ақындар шұқылап өлтірді. Шындық адамға жайсыз ұғым, құлаққа да түрпідей естіледі, сондықтан қазақтар соңғы уақытта тілі балдай, құлаққа жағымды өтірікті шындыққа айырбастап алды. Бірақ бізге ащы болса да сол шындықты таңдағанымыз дұрыс еді. Мұқағалидың төмендегі өлеңі осы көңіл күйімді дәл басып айтқандай:
Тымырсық күндей тамызда жаңбыр көксеген,
Жақсылық күтем, жақсылық күтем тек сенен.
Жаман бір ойлар жанымды шарпып өтсе егер,
Мен жақтан саған суық бір хабар жетсе егер,
Жалғызым менің, қайтер ең?
Ұшар ма ең қанат байланып?
Қалар ма ең әлде, ойланып?
Келер ме ең менің қасыма,
Періштем болып, айналып?
Көзiңнен аққан дариялардан өте алмай,
Қалар ма ең, әлде, жете алмай?
Қалайда, Жаным, кірпiгiңе үміт iлдiрiп,
Мен жүрген жаққа бет алғай...
Көзiңнен аққан дарияға
Көпiр сап, Жаным, өткейсiң,
Қалайда маған жеткейсiң.
Үзiлмей жүрген үмітiңе мінгейсің,
Адасып, сiрә, кетпейсің.
Қарғып өт, Жаным, қатерлі-қауiп текшеден!
Жетесiң маған, жетесiң маған, бек сенем!
Тымырсық күндей, тамызда жаңбыр көксеген.
Жақсылық күтем, жақсылық күтем тек сенен!