Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

160-шы Қара пайым-сөз: Билікті құлату мүмкін емес, кәрі қарғалар қарқылдап бір-бірін осылай қорғап отырады

Мына Белорусияда не болып жатқанын көріп жатсыздар ғой. Белорус халқы да, қазақтар сияқты өздері құрған еркін билікпен бірге өмір сүргісі келеді. Бірақ саяси жағдайға байланысты Ресей, Қазақстан, Қытай, Түркия т.б. сияқты елдер Лукашенкоға қолдау көрсетіп «мұртты шал құтты орныңда құнжиып отыра бер» деп қолдау көрсетіп отыр. Мұны көрген Қ-Ж.Тоқаев та келе-келе екінші Нұрекең болып, орнын ешкімге бермейтін ауруға ұшырайды. Қазіргі билік басындағылар әрине осылай бір-бірімізге қолдау көрсетіп бақуатты «банкетте» мәңгілік билеп жүре береміз деп ойлайды. Бірақ Құдайды әлі ешкім алдап көрген емес. Бостандықты шын аңсаған халықтың адал ниетін көрсе, Құдай анау билік басындағыларды быт-шыт қылып, бір-бірімен атыстырып-шабыстырып, шапкаларының қайда қалғанын білмейтіндей жынды қылады. Көшеге шық, айқайла-айқайлама, әзірге ешнәрсе өзгермейді. Себебі біз халық, өзіміз де білмейміз бізге не керек екенін. Ең әуелі өзімізге не керек екенін анық біліп алмайынша, біздің өмірімізде ешнәрсе де өзгермейді. Шындық меніңше осы мәселеге мұрнымен тіреліп тұр...